Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада жеке емханада массаж алған бір жастағы сәби күйікпен ауруханаға түскен

Опубликовано:

Сәбиге массаж
Сәбиге массаж. Фото: pexels.com

Дәрігерлер Қызылордада жеке емханада массаж алған бір жастағы сәбидің екінші және үшінші дәрежелі күйік алғандығын айтты, деп хабарлайды Астана арнасы.

Телеарна мәліметінше, Қызылордада жеке емханада массаж алған бір жастағы сәби ауруханадан бір-ақ шыққан.

Анасының айтуынша, баласының жүрісі кешеуілдеген соң, өз бетінше ем жасатпақ болған.

Анасы сол күні сәбиді массаждан кейін 10 минут парафинге жатқызғанын айтты. Бала шырылдап қатты жылаған соң, анасы сыртқа шыққан кезде сәбиінің жамбасы күйіп қалғанын білген.

"Кәдімгідей грелка, китайский нәрсемен күйдіріп тұр. Байқамай парафинмен де күйіп тұрған жоқ қой. Түсініп тұрсыздар ма? Әр күн сайын орап қойған дәкесін алады. Негізі ол үш күн тұру керек. Ал біз тамақтандырған сайын, бүлдіршін бүлдіріп қояды. Сондықтан күнде осындай көрініс", - дейді баланың анасы Ақмарал Бөлебаева.

Телеарна ақпаратынша, жеке массаж жасау орталығы жауап беруден бас тартқан.

Дәрігерлер бір жастағы баланың екінші және үшінші дәрежелі күйік алғандығын айтты. Медициналық қызметкерлердің айтуынша, қазіргі уақытта сәбидің жағдайы орташа ауырлықта. Мамандар ата-аналарға кез келген жеке емдеу мекемесінен білікті дәрігерлердің қадағалауынсыз ем алмауды баса айтып отыр.

"Мемлекеттік мекемелерде тіркелген, лицензиясы, сертификаты бар, білікті мамандардың нұсқауымен ғана массаж болсын, физиотерапиялық емді сол дәрігерлердің нұсқауымен ғана қабылдауды ұсынамын. Кез келген жерге емес, мемлекеттік мекемелерде ем алуды ұсынамын", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мая Мирзанова.

Телеарнаның хабарлауынша, оқиғаның жай-жапсарын енді құқық қорғаушылар анықтамақ. Бұл жағдайға қатысты "қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету" дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2021014-qyzylordada-zeke-emxanada-massaz-algan-bir-zastagy-sabi-kuiikpen-auruxanaga-tusken/

pixel