Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысында жаңа әуежай терминалының құрылысы қарқынды жүруде

Опубликовано:

Қызылорда облысында жаңа әуежай терминалының құрылысы қарқынды жүруде
Қызылорда облысында жаңа әуежай терминалының құрылысы қарқынды жүруде. Фото: Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Әуе қатынасы - облыстың әлеуметтік-экономикалық әлеуетіне тікелей әсер ететін негізгі саланың бірі. Бүгінде Сыр өңірінде Болат Өтемұратов Қорының демеушілігімен Қорқыт ата әуежайының жаңа терминалының құрылысы қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

"Жаңа әуежай терминалының құрылысы осы жылдың ақпан айында басталған болатын. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес орындалуда. Ауқымды жобаға тапсырыс беруші - Болат Өтемұратов Қоры жеке қорының қайырымдылық қаржыландыру есебінен "Accent Deleopment Solutions" ЖШС. Ал жобаның бас медігері - "Elite Insaat" және "Ava Construction" ЖШС мекемесі. Бұл әуежай терминалы Қызылорда облысының экономикалық және инвестициялық жағдайын көтеруге оң әсерін береді деп ойлаймыз. Жаңа терминалдың құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін әкімшілік балансына толықтай берілетін болады. Әуежай көлемі – 7,5 мың шаршы метр болса, терминалдың өзі  2 қабатты болып құрылады. Сондай-ақ, бұл нысанда жолаушыларға жоғары сапалы қызмет көрсету үшін соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен жабдықталады", - деді Болат Өтемұратов қорының жоба жетекшісі Абай Нұрмұханов.

Абай Нұрмұханов
Фото: Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жалпы жаңа әуежай терминалы сағатына 250 жолаушыны қабылдауға қауқарлы. Сонымен қатар мұнда халықаралық және жергілікті рейс қатынайды. 

Қызылорда облысында жаңа әуежай терминалының құрылысы қарқынды жүруде
Қызылорда облысында жаңа әуежай терминалының құрылысы қарқынды жүруде. Фото: Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

"Жаңа жолаушылар терминалының ғимараты Қызылорда қаласындағы қолданыста тұрған  әуежайдың аумағына жақын орналасқан. Ғимарат ерекше көрікті архитектуралық стильде жасақталды. Сонымен қатар әуежайдағы бірінші қабаттың биіктігі шамамен - 8.0 метрді, ал екінші қабаты - 6 метрді құрайды. Нысанның қаңқасы металл құрылымдарымен жабдықталған, - деді жоба меңгерушісі Алпай Өздемир.

Қызылорда облысындағы әуежай терминалының құрылысы
Фото: Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Құны 33 млн АҚШ долларын құрайтын заманауи үлгідегі жаңа нысанның жалпы аумағы 3,9 гектарды құрайды. Жаңа терминалда жолаушыларға халықаралық стандарт талаптарына сай барлық жағдай қарастырылған. Жоба бойынша аталмыш нысан 2024 жылдың мамыр айында ел игілігіне беріледі деп жоспарлануда.

Алпай Өздемир
Фото: Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Айта кететін жайт, жаңа терминалдың құрылыс жұмыстары кезінде 300 адам жұмыспен қамтылатын болады. Ал жоба толығымен аяқталғаннан кейін 64 жаңа тұрақты жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. Бұған қоса, жаңа ғимарат пайдалануға берілген кезде көлік саласының көрсеткіші бірнеше есе артпақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2021017-qyzylorda-oblysynda-zana-auezai-terminalynyn-qurylysy-qarqyndy-zurude/

pixel