Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте қаптаған жылан тұрғындардың үйіне кіріп, үрейін ұшыруда

Опубликовано:

Жылан
Жылан. Көрнекі сурет: pixabay.com

Шымкент қаласының төтенше жағдай департаментіне қалада жылан қаптап, тұрғындардың үрейін ұшырып жатқаны туралы хабарламалар келіп түсуде, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарнаның хабарлауынша, Шымкент қаласында жыландар пайда болып, тұрғындардың үйлеріне, балабақшаларға және т.б. қоғамдық жерлерге кіріп кетуде. Соның салдарынан тұрғындардың тарапынан Шымкент ТЖД-ға хабарламалар келіп түсе бастады.

Сондай-ақ телеарнаның ақпаратынша, бір тұрғынды жылан шағып, ол ауруханаға жатып шыққан.

Бүгінде 17 үйден жылан ауланған. Мамандар мамыр айында аса сақ болу керектігін айтады. Өйткені көктем мезгілінде жұптасу кезінде жыландардың қауіпі артады.

"Құрметті қала тұрғындары, жылан табылған жағдайда оған тиіспей, ара қашықтық сақтап, 112 құтқару қызметіне хабарласыңыздар", - деп ескертті Шымкент ТЖД жедел құтқару тобының жетекшісі Орынбасар Төртбаев.

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2021044-symkentte-qaptagan-zylandar-turgyndardyn-uiine-kirip-ureiin-usyruda/

pixel