Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда Сомалиден келген асаба ұсталды (видео)

Опубликовано:

Кісен
Кісен. Көрнекі фото: pixabay.com

17 мамыр күні Ақтөбеден Орал қаласына барар жолда, Сырым ауданында 25 жастағы шетелдік ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Полицияның мәліметінше, Ақтөбеден Орал қаласына барар жолда, Сырым ауданында 25 жастағы шетелдік ұсталды. Ер азамат Алматы қаласының жоғары оқу орындарының бірінің студенті екені анықталды.

Сомали азаматының сөзінше, ол елімізде 2019 жылдан бері тұрады. Ол полицейлерге Алматы қаласындағы жоғары оқу орнында ІТ саласы бойынша бағдарламашы мамандығында оқитынын айтты.

Сомалилік осы уақытқа дейін тілді жақсы меңгеріп, салтанатты іс-шараларға қатысып, ақша тауып жүрген.

"Оның визасының уақыты біткен, соның негізінде Көші-қон заңнамасын бұзу фактісі бойынша хаттама жасалды. Материал сотқа жіберілді. Ендігі шетелдік азамат депортациялануы мүмкін", - делінген Ішкі істер министрлігінің Telegram-арнасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2021050-oralda-somaliden-kelgen-asaba-ustaldy-video/

pixel