Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев Университетінің президенті қызметінен кеткені рас па: ЖОО жауап берді

Опубликовано:

Назарбаев Университетінің ғимараты
Назарбаев Университетінің ғимараты. Фото: nu.edu.kz

Назарбаев Университеті әкімшілігінің мәліметінше, жоғары оқу орнының президенті Шигео Катсу қызметінен кететіні туралы ақпарат жалған болып шыққан, деп хабарлады Назарбаев Университетінің ресми сайтында.

ЖОО мәліметінше, университет қауымдастығы бұған дейін кейбір БАҚ пен Telegram арналарда жарияланған жалған ақпараттың таралуына наразылығын білдірген.

"Университет әкімшілігі президент Шигео Катсудың отставкаға кетуіне мәжбүрлеу және қоғам алдында университеттің қызметі мен жетістіктерін қаралау мақсатында жалған ақпарат тарату науқанын байқады", - делінген университеттің ресми сайтында жарияланған хабарламада.

Әкімшіліктің жазуынша, Шигео Катсу Назарбаев Университетінің алғашқы және қазіргі президенті лауазымында қызмет атқарады.

"Катсу мырза - университеттің тұрақты дамуы мен тиімді басқаруында шешуші рөл атқаратын жетекші. Президент Катсу өзінің ресми міндеттерін күнделікті орындауды жалғастыруда, қазіргі танда Назарбаев Университетінің 9-шы студенттер когортасының оқу бітіруіне дайындық жұмыстары жүргізілуде", - деді ведомство.

Назарбаев Университеті Қазақстанда жалған ақпарат тарату және жала жабу заң бойынша жазаланатынын, жала жабу науқанына жауаптылар заң жүзінде жауап беретінін ескертті.

"Қазір университет әкімшілігі саяси астарлы жалған ақпарат тарату науқанының толық мәліметтерін ашуға құқығы жоқ. Университет басшылығы алдағы уақытта БАҚ өкілдері пен қоғамды жұмыс барысы туралы хабардар етіп отырады", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2021057-nazarbaev-universitetinin-prezidenti-qyzmetinen-ketkeni-ras-pa-zoo-zauap-berdi/