Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еңбек министрлігі жұмыс берушілерде сақтандыру шартының бар-жоғын жаппай тексеретіні рас па

Опубликовано:

Ноутбук алдында отырған ер адам
Ноутбук алдында отырған ер адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде 22 мамырдан бастап Қазақстанда жұмыс берушілердің жаппай тексерілетіні туралы ақпарат таралуда. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында хабарлауынша, бұл хабарлама жалған.

"2023 жылдың 22 мамырынан бастап жұмыс берушілердің еңбек шарттарын Enbek.kz порталында тіркеуі және қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарттарының бар-жоғы тексерілетіні туралы мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды", - делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, Еңбек кодексінің 23-бабы 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес жұмыс беруші қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандыруға міндетті.

Ал бүгінде мұндай шарттарды заңды тұлғалардың жалпы 32,5 пайызы ғана жасаған.

Осы орайда министрлік Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 230-бабына сәйкес, міндетті сақтандыру шартын жасамаған кәсіпкерлік субъектілерге төмендегідей айыппұл салынатынын еске салды.

  • шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 160 АЕК (552 мың теңге),
  • орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 400 АЕК (1 млн 380 мың теңге),
  • ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 1000 АЕК (3 млн 450 мың теңге).

Сондай-ақ Еңбек министрлігінің мәліметінше, азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау мақсатында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, Ұлттық экономика министрлерінің "Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы" бірлескен бұйрығына 2023 жылдың 2 мамырында өзгерістер енгізілген.

"Өзгерістерге сәйкес профилактикалық тексеруге жататын жұмыс берушілердің тізбесін жасау мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған деректер негізінде автоматты режимде жүзеге асырылады. Автоматтандыруды енгізу бұзушылықтары бар жосықсыз жұмыс берушілерді анықтауға мүмкіндік береді. Бұл ретте өз қызметін заңнамаға сәйкес жүзеге асыратын жұмыс берушілер тексеруден өтпейді", дейді министрлік өкілдері.

Еңбек министрлігі қолданыстағы заңнамаға сәйкес профилактикалық бақылау аясында жұмыс беруші Еңбек кодексінің 23-бабы 2-тармағының 15) тармақшасын бұзғаны алғаш анықталған жағдайда мемлекеттік еңбек инспекторлары ескерту жасайтынын және оны жоюға тиісті нұсқама беретінін, ал қайта анықталған кезде – әкімшілік айыппұл салынатынын тағы да еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2021210-enbek-ministrligi-zumys-berusilerde-saqtandyru-sartynyn-bar-zogyn-zappai-tekseretini-ras-pa/

pixel