Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбылдық тұрғын туысына қабір қазып жатып сақ дәуіріне тиесілі қазан тауып алды (фото)

Опубликовано:

табылған қазан
Сақ дәуіріне тиесілі қазан. Фото: Жамбылдық тұрғынның жеке мұрағатынан

Жамбыл облысында осыдан 3000 жыл бұрын қолданылған сақ дәуіріне жататын қазан табылды. Тарихи тұрмыстық жәдігерді Жамбыл облысы Бесағаш ауылының тұрғыны туысына қабір қазып жатып тауып алған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі

Ертай есімді азамат күректің ұшы қатты затқа тигенін байқап, сол арада археолог маманды шақырған. Тарихшы көне қазан біздің заманымызға дейінгі V-ІІІ ғасырдағы сақ дәуіріне жататынын айтады. Құнды жәдігер ерте темір дәуіріндегі қола мен қалайының қосындысынан жасалған. Екі кісі әрең көтеретін қазанның бойы 70 см, ал диаметрі 66 см. Ал көлемінің үлкендегі мен сапасына қарап сол заманға тиесілі деп топшылайды.

Сақ дәуіріне тиесілі қазан
Қазан. Фото: KAZ.NUR.KZ/Ұлдана Жұбай

Ал қазан табылған маңда зерттеушілер ортағасыр қалашығы деп келген "Ақтөбе" елдімекенінің орны бар. Бірақ көне қазан ерте темір дәуіріне жататындықтан бұған дейінгі қорытындыны жоққа шығарады. Тарихшы осыған орай Ақтөбенің тарихы сонау ерте темір дәуірінен басталуы мүмкін екенін айтады.

"Бұл нысан табылған аумақта дәл осы уақытқа дейін кешенді түрде ешқандай археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілмеген. Осы жәдігердің табылуы Жамбыл облысының жеріндегі, Шу-Талас өңіріндегі, ерте орта ғасырлық және ерте темір дәуіріне тән нысандарда кешенді түрде ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі деген үміттеміз. Сондықтан ерте қола мен ерте темір дәуіріне қатысты кенжелеп қалған зерттеу жұмыстарына көңіл бөлінуі керек", - дейді тарихшы-археолог Сауран Қалиев.

Сақ дәуіріне жататын қазан
Сақ дәуіріне тиесілі қазан. Фото: KAZ.NUR.KZ/Ұлдана Жұбай

Сондай-ақ тарихшы маман қазанның ернеуіндегі ою-өрнектің геометриялық дәлдікпен жасалғанына таң қалған. Бұл сол кездегі сақ мәдениетіндегі тайпалардың математикалық есептеулерді мықты меңгергендігі дейді. Ал ою-өрнек нышандарының қазанның ауызы мен сыртқы бетіне шығарылып жасалуы молшылықтың белгісін береді деп түсіндіреді. Қазір ежелгі мәдениеттің ескі жұрнағы саналатын қазан Бесағаш ауылындағы мектеп мұражайына берілген.

Автор: Ұлдана Жұбай

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2021241-zambyldyq-turgyn-tuysyna-qabir-qazyp-zatyp-saq-dauirine-tiesili-qazan-tauyp-aldy-foto/

pixel