jitsu gif branding logo appbranding logo app

"Баладан гөрі, ата-анаға қажет сынды": министр "Алтын белгі" алу үшін ата-аналар түрлі заңсыз әрекетке баратынын айтты

"Алтын белгі"
"Алтын белгі". Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ/Петр Карандашов

Талдықорғанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Малахов және Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсенбаевтың қатысумен жиын өтуде. Жиында министр "Алтын белгі" алу үшін ата-аналар түрлі заңсыз әрекетке баратынын айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

"Алтын белгі" баладан гөрі, ата-анаға қажет сынды. Себебі, ата-ана мақтану үшін, "Алтын белгіні" баласы алу үшін барлық жайтқа барады. Егер жемқорлық фактілері осы атақты алу үшін жиі тіркелетін болса, онда бұл белгіні беру қаншалықты қажет деген сұрақ түрінде жұмыс істейтін боламыз. Себебі, білім сатылмау керек, сапа болуы керек", - дейді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсенбаев.

Айта кетейік, бұған дейін елімізде негізгі ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталғанын жазған едік.

Биыл мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысуға арналған ҰБТ 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өтеді.

Барлық талапкерге ҰБТ-ны тапсыруға екі мүмкіндік беріледі. Ғылым және жоғары білім министрлігінің шешімі бойынша 2023 жылы талапкерлер негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең үздік нәтижемен грант конкурсына қатыса алады.

Сондай-ақ олар тестілеу күнін, уақытын және орнын өздері таңдайды. Бұл ретте талапкерлер екі мүмкіндік үшін бейіндік пәндердің бір ғана комбинациясын белгілейді.

"Баладан гөрі, ата-анаға қажет сынды": министр "Алтын белгі" алу үшін ата-аналар түрлі заңсыз әрекетке баратынын айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.