Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда қаңтар оқиғасы бойынша 25 адамға сот үкімі шықты

Опубликовано:

Қаңтар оқиғасы
Қаңтар оқиғасы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда қаңтар оқиғасына байланысты 25 адамға сот үкімі шықты. Оларға бірден бірнеше қылмыстық бап бойынша айып тағылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Алматы соттары" Facebook-тегі ресми парақшасының мәліметінше, Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында 2022 жылғы қаңтар оқиғасы бойынша 25 сотталушыға қатысты қылмыстық ісі қаралды.

"Алматы соттары" дерегінше, 2022 жылғы 4-5 қаңтар аралығында Алматы қаласының түрлі бөліктерінде 25 сотталушы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысып, аса ірі мөлшерде ұрлық жасады, тұрғын үй, қызметтік және өндірістік үй-жайларға заңсыз кіріп, ірі залал келтіре отырып көлік құралдарын айдап әкетті, қауіпті өндірістік нысаның аумағына, сондай-ақ арнайы органдар күзететін басқа да нысандарға заңсыз кірді, бұл елеулі залал тигізіп, басқа да ауыр зардаптарға әкеп соққан.

"Сондай-ақ олар алдын ала сөз байласу арқылы өздерінің оқ-дәрілерін, атыс қаруларын ұрлап әкеткен, төтенше жағдай жарияланған жерде жаппай тәртіпсіздіктер кезінде адамдар тобы алдын ала сөз байласып, билік өкілдерінің денсаулығына залал тигізіп, олардың мүлкін бүлдіргені және жойғаны анықталды", - деді сотта. ⠀

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында жаза тағайындау кезінде мынадай мән-жайлар ескерілген:

Сотталушылардың кінәларын толық және жартылай мойындауы, бұрын сотталмағандықтары, жеке басы, жас мөлшері, құқық бұзушылық жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқы, кәмелетке толмаған балаларының болуы, қылмыстық құқық бұзушылықтың қоғамдық қауіптілігінің сипаты мен дәрежесі, қылмыстық құқық бұзушылықты төтенше жағдай кезінде жасауы.⠀

Сот үкімі бойынша 20 азаматқа Рақымшылық жасау туралы заң қолданылып, 9 айдан 1 жыл 9 айға дейінгі мерзімге шартты жаза тағайындалған. Ал 4 адамға рақымшылық туралы заң қолданылып, осыған байланысты олар жазадан босатылған. 1 азамат қайтыс болуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылған.

Сот үкімі заңды күшіне енбеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2021320-almatyda-qantar-oqigasy-boiynsa-25-adamga-sot-ukimi-syqty/

pixel