Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ХҚКО-да қытай тілі енгізіле ме: министрлік жауап берді

Опубликовано:

ХҚКО қызметкерлері
ХҚКО қызметкерлері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов ОКҚ алаңында еліміздегі ХҚКО-да қызмет көрсету аясында қытай тілін енгізу туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Еліміздегі Халыққа қызмет көрсету орталытарында қытай тілінің енгізілуіне қатысты сауалды журналистер көтерді. Олар еліміздегі ХҚКО-да қызмет үш тіл, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде көрсетілетінін атап өтті. Журналистердің айтуынша, қазір осы үш тілдің қатарына қытай тілі де қосылып жатыр. Осыған байланысты журналистер вице-министрден "мұның себебі неде және Қытаймен визасыз келісімге қол қоюға байланысты ма?" деп сұрады.

Алайда Әсет Тұрысов бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Бұл мәселе бойынша бұл ақпарат шындыққа жанаспайды деп айта аламын", - деді вице-министр.

Еске салайық, сәуір айында Қазақстан мен Қытай арасында визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қойылатыны белгілі болды.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары барысында Қазақстан мен мен Қытай арасында визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қойылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2021325-xqko-da-qytai-tili-engizile-me-ministrlik-zauap-berdi/

pixel