Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында бірнеше басқарма басшысы баспасөз конференциясын өткізді

Опубликовано:

Жамбыл облысы
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында бүгін Жамбыл облысының бірнеше басқарма басшысы БАҚ өкілдерімен баспасөз концеренциясын өткізді.

Мәселен, биыл Жамбыл облысында жол саласына жалпы 24,7 млрд теңге бөлініп отыр. Есебінен 3,3 шақырым көше жолдары құрылыспен, 11,4 шақырым қайта жаңғыртумен және 777,3 шақырым жол орта жөндеумен қамтылатын болады. Бұл туралы брифингте Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Саурықов баяндады.

«Барлығы 433 жол жөндеу жобаларын іске асыру көзделіп отыр. Оның ішінде:

  • «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасымен – 33 жоба немесе 242 шқ. (7,2 млрд теңге);
  • «Ауыл-Ел бесігі» жобасымен – 215 жоба немесе 261 шқ. (6,3 млрд теңге);
  • «Өңірлерді дамыту» бағдарламасымен – 4 жоба немесе 10,4 шқ./ 7,1 шқ жаңғырту, 3,3 шқ құрылыс/ (1,2 млрд теңге);
  • «Моноқалаларды дамыту» бағдарламасымен – 2 жоба немесе 4,3 шқ. (0,4 млрд теңге);
  • Жергілікті бюджеттерден – 179 жоба немесе 274,3 шқ. (7,7 млрд теңге).

Бөлінген қаржы ішінде жалпы 1,9 млрд теңге, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, жергілікті жолдар мен елді мекен көшелерін күтіп ұстау жұмыстарына жұмсалады. Аталған жобалардың жүзеге асырылуы – жергілікті тұрғындардың көлікпен қатынауын жақсартумен қатар, өңірдің көліктік логистикасы инфрақұрылымының дамуына да орасан зор үлес қосатын болады,»- деді басқарма басшысы.

Мұрат Саурықов
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ ол көлік, әуе саласы мен өңірдегі автобустар қозғалысына қатысты атқарылған тірліктерді баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Ал Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ғалижан Мейірмановтың айтуынша өткен жылдың қорытындысы негізінде облыстағы жұмыссыздар саны – 28,0 мың адамды құрайды, ал, жұмыссыздық деңгейі – 4,9 пайыз.

Ғалижан Мейірманов
Ғалижан Мейірманов. Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

«Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба аясында 2023 жылы облыс бойынша жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 54 156 адамды тарту жоспарланып, 1-мамырға барлығы 23 847 адам белсенді шараларға тартылды. Жоспар 44,0 пайызға орындалды. Сондай-ақ, жұмысқа орналастырудың жылдық жоспары 45 242 адам болса, есепті кезеңге 16 863 адам жұмысқа орналастырылып, жоспар 37,3 пайызға орындалды. Сонымен қатар 2023 жылы Жұмыспен қамтудың өңірлік карталары аясында электронды еңбек биржасына енгізілетін жұмыс орындарының жоспары 67 968 орын болып бекітілсе, оның ішінде тұрақтысы – 52 360 орынды құрап отыр (77,0%). Есепті кезеңге барлығы 22 321 жұмыс орны құрылып, жалпы жоспар 32,8 пайызға орындалса, оның ішінде 12 374 адам тұрақты жұмысқа тұрып, жоспары 23,6 пайызға орындалды. Әлеуметтік жұмыс орындарына 955 адамды жолдау жоспарланып, есепті мерзімге 978 адам жолданды. Олардың 48-і жұмыстарын аяқтап, 42 адам немесе 87,5%-ы тұрақты жұмыс орындарына орналасты. Жастар практикасына 3044 түлекті жолдау жоспарланып, есепті мерзімге 631 адам жолданды. Олардың 69-ы жұмыстарын аяқтап, 55-і немесе 79,7%-ы тұрақты жұмыс орындарына орналасты. Ақылы қоғамдық жұмыстарға 8765 жұмыссызды жолдау жоспарланып, есепті мерзімге 7333 адам жолданды. Олардың 494-і жұмыстарын аяқтап, 232 адам немесе 47,0%-ы тұрақты жұмыс орындарына орналасты», -дейді, аталған басқарма басшысының орынбасары.

Фото
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ал облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы биыл ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне сәйкес өңірімізде анықталған 36 987 (NEET) уақытша бос жүрген жастың әлеуметтік мәртебесін анықтау мақсатында, адрестік талдау жұмыстары жүргізіліп, «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесінде өзектендірілген. Талдау жұмыстарының нәтижесінде уақытша бос жүрген 5 818 жас анықталған.

Жомарт Зұлпыхар
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

«2023 жылдың 1 мамырына жұмыспен қамту мекемелерінің ықпалымен 35-жасқа дейінгі 8 988 жас жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған.Атап айтқанда, 3 106 адам ваканттық жұмыс орындарына орналасса, 553 жас онлайн оқытуға, 631 түлек жастар практикасына, 275 жас әлеуметтік жұмыс орындарына жолданып, 1 836 жас ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды, 12 жас «Ұрпақтар келісім шарты» жобасына, 149 жас «Алғашқы жұмыс орны» жобасына сондай-ақ, 2 335 жас «Бастау-Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жолданды, 91 жас қайтарымсыз грант алды.

2023 жылдың 1 мамырына облыс көлемінде 80 бос жұмыс орындарының жәрмеңкелері ұйымдастырылды. Бос жұмыс орындарының жәрмеңкелерінде 520 жұмыс беруші мекеме қатысып, 1 474 бос жұмыс орындары ұсынылды. Жәрмеңкеге 2 856 жұмыссыз қатысқан оның ішінде жастар саны - 172, мүмкіндігі шектеулі адам саны - 6, қалған адамдар жергілікті тұрғындар.

Жәрмеңке қорытындысымен 111 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға, 168 адам тұрақты жұмыс орындарына жолданса, 50 түлек «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына жолданған»,-дейді жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Зұлпыхар Жомарт Дүйсенұлы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2021331-zambyl-oblysynda-birnese-basqarma-bassysy-baspasoz-konferenciyasyn-otkizdi/

pixel