Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жетісу облысында бопсалаумен айналысқан екі күдікті ұсталды

Опубликовано:

Күдікті
Күдікті. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Полицейлер ҰҚКД қызметкерлерінің көмегімен жергілікті кәсіпкерді қорқытып, ақша талап еткен екі күдіктіні ұстады. Ұсталғандардан 500 мың теңге тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция мәліметінше, күдіктілер 500 мың теңгені жәбірленушіден қорқытып алған.

"Күдіктілерді ұстау Алматы-Өскемен тас жолы бойында дәмханалардың бірінде жүргізілді. Олардың бірі бұрын сотталған Алматының 53 жастағы тұрғыны, екіншісі Алакөл ауданының 35 жастағы тұрғыны. Қазіргі уақытта екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", - деп хабарлады Жетісу облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы.

Полиция мәліметінше, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қылмыстық кодекстің 194-бабының 2-бөлігіне (қорқытып алу) сәйкес жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2021345-zetisu-oblysynda-bopsalaumen-ainalysqan-eki-kudikti-ustaldy/

pixel