Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде былтыр жарысқа бара жатып автобуспен апатқа ұшыраған балалардың аналары үндеу жолдады

Опубликовано:

Ақтөбеде жол апаты
Ақтөбеде жол апаты. Фото: POLISIA.KZ

Былтырғы жылдың желтоқсанында Ақтөбеде жарысқа бара жатқан балалар мен жаттықтырушысы болған көлік жол апатына ұшырады. Жол апатынан оқиға орнында бір бала көз жұмып, қалған оқушылар ауруханаға жеткізілді. Олар бес айдан бері бірде-бір шендінің балалардың жағдайын біліп келмегеніне өкпелі, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

"КТК" арнасының мәліметінше, Ақтөбеде тоғыз оқушы мен олардың бапкері мінген көлік жол апатына былтыр желтоқсан айында ұшыраған. Оқиға орнында бір бала қаза тауып, сегіз бала жарақат алды. Бесеуінің жағдайы ауыр болды.

Арна ақпаратынша, балаларға бүгінде бірнеше ота жасалған. Екеуі үйден оқып жатыр. Екеуіне де денсаулығына байланысты мүгедектік тағайындалған. Енді аяққа тұрып кету үшін ұзақ оңалту шаралары қажет.

Сонымен қатар арна мәліметінше, қазір бұл оқиғаға қатысты көлік тізгіндеген спорт мектебі директорының орынбасарына қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Оған екі баппен айып тағылған.

"Оңалту болғанда, біздің басқарма тарапынан мұндай нәселе қаралмаған. Дегенмен, басқа  да мектептеріміз бар, облыстағы  спортшылар қауымдастығы бар. Соларға үндеу тастап, осындай жағдайда бәріміз қол ұшын берейік. Сонымен қатар қайырымдылық турнирін ұйымдастырып, түскен қаражатты, азды-көпті болса да, балаларға жәрдем ретінде беру шаралары атқарылып жатыр", - деді Ақтөбе облысы спорт басқармасының бөлім басшысы Айбат Ермекбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2021347-aqtobede-byltyr-zarysqa-bara-zatyp-avtobuspen-apatqa-usyragan-balalardyn-analary-undeu-zoldady/

pixel