Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорғанда үш азамат медициналық алаяқтық жасады деген күдікке ілінді (видео)

Опубликовано:

Күдікті
Күдікті. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Талдықорғанның үш азаматы медициналық салада алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды. Алаяқтық жасады деген күдікке ілінгендерді анықтау және оларды кейіннен ұстау прокуратураның үйлестіруімен Жетісу облысы ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері ұйымдастырған арнайы операция барысында жүргізілді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция мәліметінше, ұсталған күдіктілердің бірі бағдарламашы, бірі құқық қорғау органының қызметкері және жеке медициналық орталықтың медбикесі болған.

"Ұсталғандарға медициналық қызметті жүзеге асыруға құқық беретін жалған медициналық сертификаттарды дайындау және сату, клиникалық практикаға рұқсаттар, сондай-ақ біліктілік куәліктерін ұсыну бойынша айып тағылады.

Топтың құрамында бағдарламашы, бұрынғы құқық қорғау органының қызметкері және жеке медициналық орталықтың медбикесі болған", - деп хабарлады полиция департаменті.

Сонымен қатар полиция мәліметінше, күдіктілерден бірнеше адамның атына толтырылған 300-ге жуық біліктілік куәліктері табылған.

"Күдіктілерден ондаған ұялы телефон, көптеген банктік және флэш-карталар, компьютерлік техника, қатты дискілер, әр түрлі оқу орындары мен медициналық мекемелердің бірнеше адамдардың атына толтырылған 300-ге жуық біліктілік куәліктері табылды.

Еліміздің түрлі өңірлерінен тапсырыстар түскен деп шамалап айта аламыз", - деді Жетісу облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Сарқытбай Құсайынов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2021348-taldyqorganda-us-azamat-medicinalyq-alayaqtyq-zasady-degen-kudikke-ilindi-video/

pixel