Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда тойға несие беруге тыйым салуға бола ма

Опубликовано:

Үйлену той1
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда тойға несие беруге тыйым салуға болады ма? Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов осы мәселеге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатовтың бұл банктің ішкі саясаты екенін атап өтті.

"Мемлекет банктердің ішкі жұмысына араласа алмайды. Тойға несие беруге де тыйым салу мүмкін емес.Тойға несие беруге тыйым салу – банктің ішкі қызметіне араласу деген сөз. Біз қандай да бір несие түрлерін беруге тыйым сала алмаймыз.

Адамның бұрынғы қарызы болып, тағы несие алуға барса, ол жағынан шектеу қоюға болады. Ал нақты несие беруге тыйым салуға заң бойынша құқығымыз жоқ. Бұл – банктің ішкі саясаты. Біз оған араласа алмаймыз", - деді қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2021353-qazaqstanda-toiga-nesie-beruge-tyiym-saluga-bola-ma/

pixel