Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда республикалық қарилар байқауы өтеді

Опубликовано:

ҚМДБ жиналысы
ҚМДБ жиналысы. Скриншот: Хабар 24

Биыл Ақтауда "Құран кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан" республикалық байқау ұйымдастырылады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның хабарлауынша, дін және зиялы қауым өкілдерімен кездесу кезінде өңірдегі мешіттердің жай-күйі, дін қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселелері қозғалған болатын.

"Халқымыздың дүниетанымына сай дәстүрлі Исламды дәріптеу аса маңызды деп атап өткен Мемлекет басшысы биыл Ақорда төрінде осымен екінші рет ауызашар беріп, ата дінімізді ардақтап, игі дәстүрімізді төрге оздырды. Сондай-ақ Президентіміз қажылық парызын өтеп, қасиетті Меккеде елдің амандығы-бірлігі мен болашағы үшін дұға еткені өздеріңізге мәлім", - деді ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі.

Айта кетейік, 2023 жыл елімізде "Ислам және ізгі қоғам" жылы деп жарияланған. Осы орайда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бағдарламасы аясында Қазақстан аймақтарында 600-ге жуық іс-шара өткізілмек. Сондай-ақ министр дәстүрлі Ислам дінін қоғамда дәріптеудің маңызына тоқталып өтті.

"Руханият саласындағы қызметкерлер және қасиетті құранға мән беріп, соны жаттап жүрген қарилар осы жерге жиналады. Дін қызметкерлері өз жұмысы барысында халықты руханиятқа ұйыстыруға, ауызбіршілігін арттыруға қызмет етуі керек. Ғылымға да атсалысуы керек. Осы жерден шыққан рухани тұлғалардың осы күнге дейін өмірбаяндары толық зерттеліп, олардың еңбектері халыққа жетпей жатыр", - Ершат Оңғар, ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб-мүфти.

Дереккөз: 24.kz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2021374-aqtauda-respublikalyq-qarilar-baiqauy-otedi/

pixel