Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арқалықта полицейлер көпірден өзенге құлап кеткен мектеп оқушысын құтқарды (видео)

Опубликовано:

Полицияның автопатрулі
Полицияның патруль көлігі. Көрнекі сурет: pixabay.com

Арқалықта полицейлер көпірден өзенге құлап кеткен мектеп оқушысын құтқарған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Арқалық қаласында полиция бөлімшесінің 102 пультіне жас қыздың суға құлағаны туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына автопатрульдің екі экипажы жедел түрде жетті.

Полиция қызметкерлері құтқару құралдарын пайдалана отырып, суға секірген. Қызды жағаға шығарғаннан кейін полицейлер оған алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Полицейлер зардап шеккен азаматты жедел жәрдем шақыртып, медицина қызметкерлеріне тапсырған. Ол гипотермия диагнозымен ауруханаға жатқызылды.

Кейін 16 жастағы мектеп оқушысы абайсызда суға құлап кеткені анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2021383-arqalyqta-policeiler-kopirden-ozenge-qulap-ketken-mektep-oqusysyn-qutqardy-video/

pixel