Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жартылай марафонға байланысты Астанада бірнеше көшеде көлік қозғалысы шектеледі

Опубликовано:

Автобус
Автобус. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Жартылай марафон күні Астанада ондаған қоғамдық көлік бағыттарының қозғалыс кестесі өзгереді деп хабарлайды елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

21 мамырда сағат 06:00-ден 12:00-ге дейін елордада "Astana Half 2023" атты 5,21 км қашықтықтағы жартылай марафоны өтеді. Осыған байланысты марафонға қатысушылардың бағытына қарай көліктердің қозғалысы шектеледі.

"Астана қаласының полиция департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарына кептеліс жағдайын туғызбау үшін өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды және параллель көшелерді пайдалана отырып, жабық учаскені айналып өту үшін басқа жол учаскелерін пайдалануды ұсынады", - деді елордалық полиция департаменті.

Бұл ретте сол жерде қызмет етіп жүрген қызметшілер жедел әрекет ету қызметтерінің (жедел жәрдем, апаттық-құтқару қызметтері және ішкі істер министрлігі) көліктерін көлденең бағытта өткізіп отыратын болады.

"Қоғамдық көлікте жолаушыларға ыңғайлы болу үшін қоғамдық көлік бағыттарының қозғалыс схемасы уақытша өзгертіледі ( №10, 12, 18, 37, 40, 47, 51, 53, 302, 303, 308, 309, 320, 323, 15, 15А, 35, 54, 46, 26, 21, 32, 43, 50, 3, 4, 4А, 14)", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Астана қаласында кей көшелердегі жолды жөндеуге байланысты 9 қоғамдық көлік бағытының қозғалыс кестесі өзгерді, деп хабарлады City Transportation Systems Instagram парақшасында.

Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін №1А, 6, 17, 18, 26, 36, 37, 71, 81 бағдарларының қозғалыс маршруты уақытша өзгерді.

Полиция департаменті азаматтарға сапарын алдын ала жоспарлауға кеңес берді.

22-25 мамыр аралығында көлік жолдары толық жабылуы мүмкін. Сонымен қатар Біржан сал көшесінің бойында Гете көшесінен Есенберлин көшесіне дейін жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты 19-23 мамыр аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы жартылай шектеледі.

"Тұтас қызыл сызықпен марафондықтардың қозғалыс жолы белгілеген, көк нүктелі сызықпен айналма жол белгіленген. Сондай-ақ арнайы белгілер арқылы жөндеу жұмыстарының нақты қай жерде жүргізіліп жатқанын түсінуге болады", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2021397-zartylai-marafonga-bailanysty-astanada-birnese-kosede-kolik-qozgalysy-sekteledi/

pixel