Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаржылық мониторинг агенттігі елдегі қаржы пирамидаларының тізімін жариялады

Опубликовано:

Доллар және басқа да валюталар
Доллар және басқа да валюталар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидасы ретінде әрекет етеді деген күдікке ілінген, сондай-ақ сот үкімі шыққан ұйымдардың кеңейтілген тізімін жариялады, деп хабарлайды агенттіктің Telegram-дағы ресми арнасында.

"Енді өз қаражатын инвестициялауға бел буған әрбір азамат компанияның сенімділігін ҚНРДА реестрінен ғана емес, сонымен қатар осы тізімде тексере алады.

Айта кету керек, агенттік ағымдағы жылдың басынан бері 22 қаржы пирамидасын анықтаған. Кибербақылау жүйесінде 4000-ға жуық сайттар мен аккаунтар бұғатталды", - делінген агенттік хабарламасында.

Қаржылық мониторингі агенттігінің мәліметінше, алдын алу жұмыстары аясында әлеуметтік желі қолданушыларына ескертулер жіберу нәтижесінде бүгінде 52 мың желі пайдаланушысы қаржылық пирамида белгілері бар контентке жазылудан бас тартқан.

Сонымен қатар агенттік қаражатты инвестициялау кезінде азаматтар қандай да бір компанияда қаржылық пирамида белгілерінің бар-жоғын тексеру үшін ҚМА Telegram ботын пайдалана алатынын еске салды. Агенттік өкілдері жыл басынан бері қызметке 3511 өтініш түскенін атап өтті.

"Азаматтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырамыз", - деді ведомстводан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2021511-qarzy-monitoringi-agenttigi-eldegi-qarzy-piramidalarynyn-tizimin-zariyalady/

pixel