Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда дүңгіршек маңында ер адам әйелді бетінен ұрып құлатқан (видео)

Опубликовано:

Бейнебақылау камерасына жазылған видео
Бейнебақылау камерасына жазылған видео. Кадр үзіндісі: Instagram / @ne_habar_news

Алматы тұрғыны әйелдің бетінен ұрып құлатқан. Болған жайт бейнебақылау камерасына жазылған. Алматы полициясы осыған қатысты түсініктеме берді.

Instagram желісіндегі ne_habar_news парақшасында белгісіз ер адам әйелге шабуыл жасап, оны ұрып-соққаны көрсетілген сәттің видеосы пайда болды.

Кадрлардан алматылық азамат әйелді бетінен ұрып құлатқанын көруге болады.

Полиция бұл іске қатысты тергеуді бастағанын айтты.

Ведомствода Әуезов ауданының полиция бөліміне Алматы қаласының тұрғыны арызбен жүгінгенін түсіндірді. Әйелдің айтуынша, 1992 жылы туған бейтаныс азамат оны себепсіз ұрған.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған факт Қылмыстық кодекстің 107-бабының 2-бөлігі "Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.

Жәбірленушінің алған дене жарақатының ауырлығын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2021556-almatyda-dungirsek-manynda-er-adam-aieldi-betinen-uryp-qulatqan-video/

pixel