Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үлкен Алматы айналма жолымен жүру ақысы қанша және оны қалай төлейді

Опубликовано:

Жолдағы жүк көліктері
Ақылы жол. Көрнекі фото: pixabay.com

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Жамбыл Бақтияр ҮААЖ бойымен жүру ақысы қанша тұратынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жол динамикалық таразы жүйесімен қамтылғандықтан қозғалыс тоқтаусыз болады, сондай-ақ бейнебақылау камералары бар 24 бақылау аркаларын орнату жоспарланған.

ҮААЖ бойымен алдын ала төлем негізінде де, жүріп өткеннен кейін жеті күн ішінде төлеу негізінде де жүруге болады. Бұл мерзімнен асып кетсе, жүргізушіге әкімшілік шара қолданылуы мүмкін.

Сонымен қатар егер көлік құралы рұқсат етілген габариттен асып кетсе, онда ақпарат Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетіне беріледі, онда рұқсат құжаттарының бар-жоғы тексеріледі, олар болмаса әкімшілік құқық бұзушылық болып есептеледі.

Жол ақысына келер болсақ:

  • жеңіл көліктерге 240 теңге,
  • салмағы 2,5 тоннаға дейінгі жеңіл көліктерге 414 теңге,
  • салмағы 5,5 тоннаға дейінгі жеңіл автокөліктерге 759 теңге,
  • салмағы 10 тоннадан жоғары көліктерге 1 483 теңге,
  • салмағы 15 тоннадан жоғарыларға 2484 теңге төленеді.

Сондай-ақ бір айға және бір жылға жазылу да қолжетімді – онда сәйкесінше 1 725 және 20 700 теңгеден төлем алынады.

"Абонементті ҮААЖ жақын Алматы облысының Қарасай, Іле, Талғар ауданының тұрғындары сатып ала алады. Онда барлығы 300 мыңға жуық көлік тіркелген", - дейді спикер.

Преференция (бір жылға немесе бір айға абонемент) алу механизміне сәйкес ҮААЖ өкілі әкімдікте немесе әр ауданның Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығында отыратын болады, онда жолды пайдаланушы тұлға RFID-белгілерін (көлік туралы мәліметтерді оқу және есептеу жүйесі) алады. Егер абонемент ақысы дер кезінде төленбесе, тариф бойынша төлем алынады.

Бұл жағдайда автокөлік артықшылықтарға ие аймақта тіркелуі керек.

Еске салайық, ҮААЖ құрылысы 2018 жылы басталған болатын, ол кезде жобаның құны 180 млрд теңгені құрады.

2019 жылы жол 2021 жылы ашылады деп хабарланған еді. Бүгін спикерлер ҮААЖ биыл іске қосылатынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2021734-ulken-almaty-ainalma-zolymen-zuru-aqysy-qansa-zane-ony-qalai-toleidi/

pixel