Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"7-20-25" ипотекалық бағдарламасы операторының атынан қазақстандықтарға жалған хат жіберілуде

Опубликовано:

Қалтасына қомақты ақша салып қойған ер адам
Қалтасына қомақты ақша салып қойған ер адам. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгінде Қазақстанның орнықтылық қорының атынан қазақстандықтарға мекеме басшысыларының қолы қойылған жалған кепілдік туралы құжат пен ақпараттық хаттар жіберілуде, деп хабарлайды Қазақстанның орнықтылық қорының (ҚОҚ) ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қордың ақпаратынша, алаяқтар қор атынан жалған хат таратып, сол арқылы азаматтардың қаражатын заңсыз иемденуге тырысуда.

"Атап айтқанда, алаяқтар азаматтарға жылжымайтын мүлікке меншік құқығын беру және меншік құқығын тіркеуге кепілдік беру бойынша Қор басшыларының атынан жалған кепілдік және ақпараттық хаттар таратуда", - делінген хабарламада.

ҚОҚ ресми сайтында қор ешкімге ешқандай хат таратпайтынын және қордың меншігінде жеке жылжымайтын мүлік жоқ екенін мәлімдеді.

"Қор "7-20-25" ипотекалық тұрғын үй бағдарламасының операторы болып табылады және тек екінші деңгейлі банктермен ғана жұмыс істейді. Қор жеке тұлғалармен жұмыс жүргізбейді, тұрғын үй нысандарының құрылысына қатыспайды және балансында тұрғын үй мүлкі жоқ", - дейді ҚОҚ ресми сайтында.

Қазақстанның орнықтылық қорының ресми сайтында азаматтарды қырағылыққа шақырып, ешқашан ешкімге ақша бермеуге кеңес берді. Сондай-ақ қазақстандық азамат қор атынан белгісіз біреулердің хат немесе анықтама құжат таратып жүргенін анықтаған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына хабарласқаны жөн екенін айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2021739-7-20-25-ipotekalyq-bagdarlamasy-operatorynyn-atynan-qazaqstandyqtarga-zalgan-xat-ziberilude/

pixel