Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай тұрғыны жол белгісін өзіне ыңғайлы етіп бояғаны үшін жазаланды (фото)

Опубликовано:

Жол белгісі
Жол белгісі. Фото: Telegram/polisia.kz

Қостанай тұрғыны үздіксіз жол сызығының әр жерін қара түске бояп, жол белгісін "өзгерткені" үшін әкімшілік жазаға тартылды. Ер адам оны өзіне ыңғайлы етіп жасаған. Бұл туралы Telegram-дағы "ІІМ жаңалықтары" арнасы хабарлады.

Полиция жол белгілерін бұзған ер адамды анықтаған.

"Жол қозғалысын ұйымдастыруға осылай өз бетінше әрекет жасау Жол-көлік оқиғасына әкелуі мүмкін. Салдарынан азаматтарға айтарлықтай материалдық шығын келтіріледі немесе денсаулығына және адамның өліміне қауіп төнуі мүмкін. Сондықтан мұндай әрекеттерді полиция қатаң түрде тоқтатып, кінәлі адамдарды заңмен белгіленген жауапкершілікке тартады", - дейді Қостанай облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Алексей Милюк.

Тұрғын Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 630-бабы бойынша жазаға тартылды.

жол
Жол. Фото: Telegram/polisia.kz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2021784-qostanai-turgyny-zol-belgisin-ozine-yngaily-etip-boyap-tastagany-usin-zazalandy-foto/