Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда президент резиденциясының орнына "Мөлдірбұлақ" оқу-сауықтыру орталығы ашылады

Опубликовано:

Нұржан Календеров
Нұржан Календеров. Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Тараз қаласында орналасқан Президент резиденциясы жергілікті әкімдікке беріліп, балаларға арналған жыл бойы жұмыс атқаратын 40 орындық облыстық "Мөлдірбұлақ" оқу-сауықтыру орталығын ашуға 610,8 млн теңге қарастырылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров айтты.

"Жалпыға міндетті білім беру қоры есебінен көп балалы және аз камтылған отбасылардан шыққан 48 671 баланыыстық тамақпен, киім-кешекпен және жазғы сауықтыру лагерлерімен қамтамсыз етуге 5,7 млрд теңге көзделіп отыр.

Мемлекет басшысының аз қамтылған отбасыдан шыққан 1-4 сыныпта оқитын 70 639 баланы және мектепке дейінгімекемелерде тәрбиеленетін 11 326 баланы ыстық тамақпенқамту мақсатында берген тапсырмасын (26.11.2022 жылы) орындау үшін 3 млрд теңгеге жуық қаржы қаралды", - деп атап өтті Нұржан Сәбитұлы.

Сондай-ақ, ол 2020-2023 жылдары 44 мыңға жуық педагогтердің жалақысы 100 пайызға, яғни 2 есеге өскенін де мәлімдеді.

Ал, спорт саласына өңірде 13,3 млрд. теңгеқарастырылып, оның 6,9 млрд. теңгесі саладағы 2 872 штаттық бірліктегі спорт мамандарының айлық жалақысына жұмсалған.

"Мемлекеттік спорттық тапсырысқа 1,2 млрд теңге бөлініп, 119 спорттық секция ашылды, онда 6 818 балаға спорттың 17 түрінен ваучер берілді. Бүгінге 23 спорт нысанының құрылысы салынуда, оның 16-сы биыл пайдалануға берілетін болады, ол үшін 3,5 млрд теңге бөлініп отыр. Нәтижесінде, халықтың спорттық инфрақұрылымменқамтамасыз етілу деңгейін 59 пайызға (2022 ж.-57,5%), дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар үлесін 42 пайызға (2022 ж. - 39,1%) жеткізу көзделуде",- дейді облыс әкімінің бірінші орынбасары.

Брифингте Нұржан Календеров ауылға жұмыс істеуге келген жастарды қолдаудың ерекше назарда екенін де атап өтті.

"2022 жылы "Дипломмен ауылға" жобасы аясында 291 маманға тұрғын үй сатып алуға немесе салуға 1,3 млрд теңге несие берілді. Аудандық бюджет есебінен 511 маманға 156,8 млн теңге біржолғы көтерме жәрдемақысы төленді. Ағымдағы жылы 204 маманға тұрғын үй сатып алуға немесе салуға 1,1 млрд. теңгебюджеттік несие, 525 маманға 188,0 млн теңгеге біржолғы көтерме жәрдемақы төлеу жоспарлап отырмыз",- дейді Нұржан Сәбитұлы.

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Нұржан Календеров
Нұржан Календеров. Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2021797-tarazda-prezident-rezidenciyasynyn-ornyna-moldirbulaq-oqu-sauyqtyru-ortalygy-asylady/

pixel