Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"122 млн теңге залал келген": Алматы облысы білім басқармасының бұрынғы басшысы бас бостандығынан айырылды

Жарияланған күні:

Майгүо Омарова
Майгүл Омарова. Фото: gov.kz

Жетісу облысында Алматы облысы білім басқармасының бұрынғы басшысы мен оның қарамағындағы үш қызметкерге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Жетісу облысы соттарының Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Аталған төрт лауазымды тұлғаға қатысты қылмыстық іс Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралған.

"2020 жылдың тамыз және қараша айларындағы уақыт аралығында басқарма бастығы О. лауазымды тұлға бола тұра, пайдакүнемдік мақсатта әрекет етіп адамдар тобында алдын ала мемлекеттік функцияларды іске асыруға уәкілетті А.-мен сөз байласып, өздерінің қызметтік уәкілдіктеріне кіретін әрекеттерді пара берушілердің пайдасына іске асырып , бір көзден мемлекеттік сатып алу шартының сомасының 10 пайызы көлемінде пара алу мақсатында А.- дайындаған М.-мен Н.- ға бағынышты ЖК-мен Алматы облысының білім беру мекемелеріне қашықтықта оқытуға арналған ноутбуктерді сатып алу туралы осы келісімшартқа қол қойған.

Осыдан кейін Н. және М. өздерінің алаяқтық жолымен бюджетке тиесілі қаражатты жымқыру қылмыстық жоспарларын іске асырып, аталған ноутбуктерге лицензияланбаған "Microsoft Windows" бағдарламасын ақша қаражаты шығынынсыз интернет желісінен жүктеу арқылы өздері орнатқан. Кінәлілердің қылмыстық әрекеттері салдарынан мемлекетке 122 996 086 теңге көлемінде аса ірі залал келтірілген", - делінген сот хабарламасында.

Сот үкімімен О. мен А. деген азаматтар Қылмыстық кодекстің 366 бабы 4 бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оларға осы баппен мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салына отырып, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ М. және Н. деген азаматтарға Қылмыстық кодекстің 367 бабы 4 бөлігі және 190 бабы 4 бөлігі 2 тармағы бойынша кінәлі деп танылып, осы баптармен оларға түпкілікті мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салына отырып, 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2021847-memleketke-122-mln-tenge-zalal-kelgen-almaty-oblysy-bilim-basqarmasynyn-buryngy-bassysy-10-zylga-sottaldy/