Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Депутат Қазақстанда зиянды азық-түлік өнімдеріне салық енгізуді ұсынды

Жарияланған күні:

Гамбургер
Гамбургер. Көрнекі сурет: pixabay.com

Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов Қазақстанда пайдалы жидектер мен саңырауқұлақтарға салынатын салықтың орнына зиянды азық-түлік өнімдеріне салық енгізуді ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Әлемде зиянды азық-түлік өнімдеріне салық салу тәжірибесі кең таралған, мұндай салық түрі Дания, Мысыр, Эквадор, Франция, Венгрия, Мексика, АҚШ және т.б. мемлекеттерде бар.

Медицина қызметінің мәліметінше, бұл шаралар тұрғындардың денсаулығына оң әсер еткен, себебі, бұл зиянды тағамдарды тұтынудың төмендеуіне әкелген. (...) Салықтың осы түрі енгізілген елдерде азық-түлік өнімін өндірушілердің 70 пайызы өнім құрамындағы зиянды заттардың мөлшерін азайтқан.

Біздің ойымызша, үкімет жидектер сияқты пайдалы өнімдерге емес, зиянды өнімдерге салықты көтеруі керек. Сондықтан біз зиянды өнімдерге салық енгізу мәселесін қарастыруды, ал табысы төмен отбасыларға пайдалы өнімдер сатып алатын ваучер беруді ұсынамыз", - дейді Магеррам Магеррамов.

Депуаттың сөзінше, ел мен халықтың игілігі үшін күмәнді емес, ақылға қонымды салықтарды енгізу қажет.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда фастфудтың қымбаттағаны хабарланған еді. Соған қарамастан бұл сегменттегі бағаның өсімі елдегі инфляциядан төмен болып шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2021894-deputat-qazaqstanda-ziyandy-onimderge-salyq-saldu-usyndy/