Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қараудың өзі қорқынышты": қара түсті көліктер мен қаңқа тиеген эвакуаторлар Орал тұрғындарын шошытты (видео)

Опубликовано:

қара түсті көліктер тізбесі
Қара түсті көліктер тізбесі. Видеодан кадр: КТК арнасы

Орал көшесімен тізіле сап түзеп жүріп өткен қара түсті көліктер мен жол апатынан қираған көліктердің қаңқасын тиеген эвакуаторлар тұрғындарды шошытты, деп хабарлайды КТК арнасы.

Телеарнаның хабарлауынша, Орал полицейлері тұрғындарға жолдағы қауіпсіздікті сақтаудың маңыздылығын ерекше әдіспен ескертуді жөн көрген.

Яғни, олар жантүршігер жол апатында қираған көліктерді көрсетіп, жылдамдықты асырып, жол ережесін елемейтін көлік жүргізушілерге осылайша ой тастамақшы болған.

"Мынаған қараудың өзі қорқынышты. Мұндай апатқа түсуден жолаушыларды да, жүргізушілерді де құдай сақтасын деп тілейміз. Мұндайға себеп – қатты жылдамдық, телефон қолдану, жол жүру ережесін сақтамау", – дейді Орал қаласының тұрғыны Алексей Тяпухин.

Телеарнаның мәліметінше, көшеге бірнеше жерден камера орнатып, полицейлер үнемі қадағалау жүргізсе де, елімізде жол апаты азаймай тұр. Керісінше, апат көбейіп, зардап шеккендер мен қаза тапқандар саны өсіп келеді.

Дереккөз: КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2021974-qaraudyn-ozi-qorqynysty-qara-kolikter-men-qanqa-tiegen-evakuatorlar-oral-turgyndaryn-sosytty-video/

pixel