Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте бір допты 232 мың теңгеге сатып алмақ болған мектеп анықталды

Опубликовано:

доп
Баскетбол ойыны. Көрнекі фото: pexels.com

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2,2 млн теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын тиімсіз пайдалануды көздеген мектепті анықтады. Бұл туралы аталған ведомствоның басшысы Дәурен Ерғарин Facebook парақшасында жазды.

Дәурен Ерғариннің сөзінше, қаладағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің бірі мемлекеттік сатып алу жоспарында 2,7 млн теңге бюджет қаражатына 20 доп алуды жоспарлаған. Тауардың әрбір бірлігі 2-10 есеге дейін асыра бағаланып есептелген.

"Мемлекеттік мекеме баскетбол добын 232 мың теңгеге, ал волейбол добын 42 мың теңгеге сатып алуды жоспарлаған. Департамент мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атына жоспардың тармағын қайта қарау туралы ұсыныс хат жолдады. Нәтижесінде 2,2 млн. теңгеден астам қаржы үнемделді", - дейді Ерғарин.

Сондай-ақ департамент басшысы бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сатып алу нарығының ашықтығы мен қолжетімділігін арттыратын "Бірыңғай сатып алу терезесі" веб-порталына үнемі мониторинг жүргізілетінін атап өткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2022070-symkentte-bir-dopty-232-myn-tengege-satyp-almaq-bolgan-mektep-anyqtaldy/

pixel