Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Полиция Жетісу облысындағы көкнәр алқабында жүрген BMW көлігіне қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Кәкнәр алқабын басып жүрген көлік
Кәкнәр алқабын басып жүрген көлік. Видеодан кадр: instagram.com/krisp.tdk/

Әлеуметтік желіде көкнәр алқабында жүрген BMW көлігінің видеосы тарады. Оқиғаға қатысты Жетісу облыстық полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көкнәр алқабында ары-бері жүрген BMW маркалы көлікті оқиға куәгері видеоға түсірген. Бейнежазба Instagram-дағы krisp.tdk парақшасында пайда болды. Автор кадр сыртында көлік жүргізушісіне ескерту жасағанын айтады.

Алайда, видеоны түсірген адамның айтуынша, көлік жүргізушісі ешкімді тыңдамай, алқапты көлікпен таптаған.

Видеоның астындағы жазбада оқиға Талдықорған - Қонаев тасжолы маңындағы Арқарлы асуы мен Шеңгелді ауылы арасындағы көкнәр алқабында болғаны айтылған.

Оқиғаға қатысты Жетісу облыстық полиция департаменті жауап берді. Көліктің иесі анықталды.

"Видеодағы BMW көлігінің иесі - Кербұлақ ауданының 34 жастағы тұрғыны. Жүргізушінің әрекеті Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 386-бабы "Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау" бойынша құқықбұзушылық ретінде қарастырылады.

Белгілі болғандай, ер адам қазіргі уақытта іссапарда, қайтып келгеннен кейін ол қолданыстағы әкімшілік заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады", - деді Жетісу облыстық полиция департаментінен.

Полиция істің ерекше бақылауға алынғанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2022078-zetisu-oblysynda-koknar-alqabyn-taptagan-bmw-koliginin-iesi-zauapqa-tartylady/

pixel