Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада Мәскеуден қонған ұшақтан түскен екі ресейлік ұсталды

Опубликовано:

SCAT Airlines әуекомпаниясының ұшағы
SCAT Airlines әуекомпаниясының ұшағы. Фото: Facebook.com/scat.airlines

Елордалық әуежай полициясының желілік бөлімінің қызметкерлері Мәскеу – Астана рейсінің екі мас жолаушысын ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, Мәскеу – Астана бағытындағы әуерейсі ұшып келгеннен кейін Scat әуекомпаниясы өкілдері акті бойынша елорда әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлеріне екі жолаушыны тапсырған.

"Өтініш берушінің айтуынша, ер адамдар әуе кемесінің бортында ұшу кезінде электронды темекі шеккен және бортсеріктердің ескертулеріне құлақ аспаған", – делінген хабарламада.

Көлік полицейлері тексеру кезінде масаң күйіндегі 36 және 46 жастағы Ресей Федерациясының екі азаматын анықтаған. Медициналық куәландырудың нәтижесі бойынша құқық бұзушылар "жеңіл дәрежедегі" алкогольдік масаң күйінде болған.

Шетел азаматтарына қатысты ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігі, 441-баптың 1-2-бөлігі бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылып, әрқайсысына 55 айлық есептік көрсеткіш (189 750 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2022093-maskeuden-qongan-usaqtan-astanada-eki-reseilik-ustaldy/

pixel