Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Халыққа 4 пайыздық автонесие бермеу керек": депутат мемлекет қаржысын тиімді пайдаланудың жолын айтты

Опубликовано:

Болатбек Нәжметдинұлы
Болатбек Нәжметдинұлы, мәжіліс депутаты. Видеодан кадр : Youtube/ Qasqa jol

Парламент мәжілісінің депутаты Болатбек Нәжметдинұлы халыққа 4 пайыздық автонесие беруге қарсы пікір білдірді. Депутат бұл ойын Qasqa Jol Youtube арнасына берген сұхбатында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Бізде халықта ақша жоқ деген қағида бар. Онда несиеге автокөлік берсең оның қарызын қалай төлейді? Ал несиені мемлекеттік банктен алады. Неге сол несиені ауыл шаруашылығы техникасын алуға бермейміз?! Содан шаруа жұмыс істеп, өнім шығарып, сатып, ақша таппай ма? Сол қаржыға автокөлігін алады ғой.

Мемлекет 100 млрд теңгені жеңілдетілген автонесиеге бергенше техника алуға берсін. Ал техникаға деп отырған 30 млрд теңгені жеңіл автокөлікке бөлсін. Халық шаруашылықпен айналысып, өнім өндіріп, жағдайын дұрыстап жатса қаржысын бала-шағасына, азық-түлікке, көлікке жұмсайды ғой. Есесіне банкке тәуелді болмайды", - деп түсіндірді ол өз ойын.

Болатбек Нәжметдинұлының сөзінше, көлікті несиеге алу инфляцияны күшейте береді, себебі, көлік өнім шығармайды.

"Қазір 20 млн теңгеге он жылға 4 пайызбен көлік алса, он жылда 40 пайыз болады. Көлік отандық дейді, бірақ бөлшектерінің бәрі Қытай, Корея. Яғни ақша сол елдердің экономикасына кетеді. Бұл - тұтыну кредиті. Дүкеннен телефон алғанмен бірдей, көлік пен телефон өнім шығармайды ғой. Тұтыну кредиті инфляцияны күшейте береді. Үкімет сонымен күресті күшейтудің орнына керісінше жасап отыр. Халық көшеге көлігі жоқтықтан емес, айлығы жоқтан, табысы төмендіктен шығады. Оның мойнына барып кредитпен тағы салмақ салмақпыз. Сондықтан халыққа балық емес, қармақ беру керек. Ал біз супер әлеуметтік мемлекетке айналып кеттік", - дейді депутат.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2022117-xalyqqa-4-paiyzdyq-avtonesie-bermeu-kerek-deputat-memleket-qarzysyn-qalai-tiimdi-paidalanuga-bolatynyn-aitty/

pixel