Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайтадан басталды": Маңғыстау облысында көлік жүргізушілері автогаз тапшылығына шағымдануда (видео)

Жарияланған күні:

Бензин құйып жатқан ер адам
Жанармай құю бекеті. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Маңғыстау облысында көлік жүргізушілер жанармай құю бекеттерінде автогаздың жоқтығын айтып, шағымдануда. Тұрғындардың шағымына қатысты жергілікті әкімдік өкілі жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК телеарнасының сайтына сілтеме жасап.

"Таң кофемен емес, сұйытылған газ бар жанармай құю бекетін іздеумен басталады. Маңғыстаулықтар, сұйытылған газ тапшылығы "байдасы" қайтадан басталды. Бәрі бағаның өсуіне алып келеді", – дейді Маңғыстау тұрғындарының бірі.

Ал шенеуніктер көлік иелерін сабырға шақыруда. Олар бұл жағдай бағаны көтеруге еш себеп емес дейді. Облыс бойынша автогаз тұтынудың айлық нормасы – 17 мың тонна. Бүгінде ол таусылуға шақ қалған. Қалғаны, яғни 650 тоннадан сәл асатын автогаз жуықта жанармай құю бекеттеріне жөнелтілмекші.

Шенеуніктер туындаған газ тапшылығын аймақтың туристік тартымдылығымен байланыстырады. Әкімдіктегілердің айтуынша, қазір облысқа келушілер көп, демек, газға да сұраныс артқан. Десе де, олар автогаздың бағасы литріне 45-55 теңгеден аспайтынына сендіріп отыр.

"Сұраныстың көбейіп кету себебі: сыртқы өңірлерден, Атырау, Ақтөбеден туристер көп келіп жатыр. Тағы бір себебі – демалысқа байланысты студенттердің ағылып келуі. Сондықтан сұйытылған мұнай газына қазір сұраныс көбейіп отыр", – дейді Маңғыстау облысы энергетика және ТКШ басқармасының бас маманы Жасұлан Бекболат.

Дерекөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2022721-qaitadan-bastaldy-mangystau-oblysynda-kolik-zurgizusileri-avtogaz-tapsylygyna-sagymdanuda-video/