Атырау облысында із-түзсіз жоғалған ер адамның денесі зират маңынан табылды
Жарияланған күні:
Атырау облысындағы "Адай" зиратының маңынан 23 мамырда жоғалып кеткен 37 жастағы ер адам өлі күйінде табылды. Бұл туралы Жылыой ауданы әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымы.
"23 мамырда қыстақтан шығып кеткен 37 жастағы малшыны іздеу жұмыстарының нәтижесінде оның денесі Құлсары қаласынан шамамен 40 шақырым жердегі "Адай" моласынан табылды" - деп хабарлады аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Полиция іс бойынша тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді.
Еске салайық, Атырау облысының Жылыой ауданында бір аптадан бері мал бағып жүріп жоғалып кеткен азаматты іздеуге тікұшақ жұмылдырылған болатын.
Департаменттің хабарлауынша, із-түзсіз жоғалған азамат туралы хабарлама 24 мамырда түскен. Жылыой ауданындағы Құлсары қаласынан 70 шақырым жерде мал бағумен айналысып жүрген 1986 жылы туған Ж есімді азаматтың шаруа қожалығынан шығып, қайтып оралмағаны белгілі болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2023732-atyrau-oblysynda-iz-tuzsiz-zogalgan-er-adamnyn-denesi-zirat-manynan-tabyldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.