Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы ардагерлері мен кей зейнеткерлеріне санаторийлерде ем алу үшін ақшаны қалай алуға болады

Жарияланған күні:

Зейнеткер велосипед айдап барады
Зейнеткер. Көрнекі фото: Рixabay.com

Алматы қаласының соғыс ардагерлері мен кейбір зейнеткерлері өтемақы алып, еліміздегі барлық санаторийде емделе алады. Бұл туралы қала әкімдігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Әкімдіктің мәліметінше, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен кей санаттағы зейнеткерлер үшін санаторийде ем алуға қала бюджетінен өтемақы қарастырылған.

"Санаторийге жолдаманы ішінара немесе толық төлеу сияқты жеңілдіктер соғыс ардагерлері мен кейбір зейнеткерлерге қолжетімді", - дейді қала әкімдігінің өкілдері.

Әкімдіктің хабарлауынша, санаторийде емделуге өтемақы алу үшін өтінімді Алматы қаласының аудандық әкімдіктерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері қабылдайды.

Қала бюджетінен санаторийде емделу үшін өтемақыны кімдер ала алады?

  • Ұлы Отан соғысының ардагерлері. Олар үшін жолдаманың шығыны толық өтеледі.
  • Еңбек ардагерлері мен Ұлы Отан соғысының жесірлері. Олар үшін базалық зейнетақыны (37 781 теңге) есептемегенде алатын зейнетақы мөлшерінің 25 пайызын әкімдік өтейді.
  • Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің үш еселенген мөлшерінен (қазір 143 217 теңге) аспайтын зейнеткерлер. Олар үшін базалық зейнетақыны есептемегенде алатын зейнетақы мөлшерінің 25 пайызын әкімдік өтейді.

Әкімдік жолдама тек Қазақстан ішіндегі санаторийларға берілетінін еске салды.

"Санаторийге барғанға дейін 10 күнтізбелік күн бұрын құжаттарды тапсырып үлгеру керек. Бір жұмыс күні ішінде оларды учаскелік комиссияға жібереді", – дейді әкімдік өкілдері.

Қалалық әкімдік жеңілдіктер алу үшін зейнеткерлер жолға шыққанға дейін жеке куәлік пен жолдаманы санаторийге жіберу керектігін де айта кетті.

"Бұл өтемақы туралы өтінішті дайындау үшін өз қаржыңызбен кетіп бара жатқаныңызды хабарлауға қажет. Демалыстан кейін жұмсалған қаражатты қайтару үшін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жолдама мен чекті әкелу керек", – деп түсіндірді әкімдік өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2023761-almaty-akimdigi-ardagerler-men-zeinetkerlerge-eldegi-sanatoriilerde-qalai-tegin-emdeluge-bolatynyn-aitty/