Маусым айында ауа райы қандай болады: "Қазгидромет" маманы тұрғындарға ескерту жасады
Жарияланған күні:
Маусым айында еліміздің бірқатар өңірінде қуаңшылық күтілуде. Бұл туралы "Қазгидромет" маманы Қамар Сәлиева мәлімдеді, деп хабарлайды "Таңшолпан" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Бізде алдағы күндері ауа температуасы төмендейді. Солтүстік және батыс өңірлерде жауын-шашын күтілуде. Аномальды ауа райы ұзақ сақталмайды. Бір апта болуы мүмкін, 2-3 күн болуы мүмкін. Бұл синоптикалық процеске байланысты. Солтүстік өңірлерде 25-28 градусқа дейін, оңтүстік өңірлерде 30 градусқа дейін төмендейді.
Қуаңшылыққа болжам әр айда жасалады. Маусым айының болжамы бойынша солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстікте және ел орталығының кейбір аудандарында қуаңшылық болады деп болжануда. Барлық өңірлерде емес...
Ақтөбе облысының Ырғыз, Хромтау, Әйтеке-би ауданы, Қызылорда облысының Қармақшы ауданы, Ақмола облысының Жақсы ауданы, Қарағанды облысының Шет ауданында қуаңшылық болады.
Қуаңшылық егін шаруашылығына тікелей әсер етеді. Өнімділік азаяды. Ылғал жетіспейді. Біздің солтүстік өңірлерде жерді суармайды. Ылғалды жауын-шашыннан алады. Ал оңтүстік өңірлерде жер суарылады.
Шілде айына арналған болжам әлі дайын емес. Десе де, оңтүстік өңірлерде ауа температуасы нормадан жоғары, яғни, ыстық болады. Ал маусымда жауын-шашын болады", - деді "Қазгидромет" РМҚ инженер-агрометереологы Қамар Сәлиева.
Өз кезегінде мамандар күн ыстықта далаға шықпау қажеттігін ескертті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2023827-mausym-aiynda-aua-raiy-qandai-bolady-qazgidromet-mamany-turgyndarga-eskertu-zasady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.