jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Ақтөбеде кілем сатып алуға келген әйел жамбас сүйегін сындырып алды

Оралған кілемдер
Оралған кілемдер. Көрнекі фото: pexels.com

Ақтөбеде кілем дүкеніне келген сатып алушының үстіне кілем құлап, әйелдің оң жақ жамбас сүйегі сынған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Диапазон" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақтөбе облыстық сотына сілтеме жасаған басылым мәліметінше, Ақтөбеде кілем дүкеніне барған әйелдің үстіне оралған кілемдердің бірі құлап, салдарынан жәбірленушінің оң жақ жамбас сүйегі сынған.

Облыстық соттың хабарлауынша, бұл жайттан кейін кілем дүкенінің иелері зардап шеккен әйелге моральдық шығын үшін миллион теңге төлеуге міндеттелген.

"Ол дүкен иелерінің емделуге кеткен және моральдық шығынды өтеуін талап етіп, сотқа жүгінді. Бірінші сатыдағы сот талап-арызды қараусыз қалдырды. Сотқа арыз беруші апелляциялық шағым түсірді. Соңында барлығы медиациялық келісіммен аяқталды.

Оған сәйкес дүкен иелері бір миллион теңге көлемінде моральдық шығынды өтеуге келісті. Дүкен иелері келісімге қол қойылғанға дейін қаржының жартысын, ал қалған жартысын екі ай ішінде өтеуге міндеттелді", - делінген облыстық сот хабарламасында.

Ақтөбеде кілем сатып алуға келген әйел жамбас сүйегін сындырып алды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.