"Түркияда демалу арзанырақ": Ақмола облысының әкімі Бурабайдағы демалыс бағасы туралы айтты
Жарияланған күні:
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте бүгін Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Бурабайдағы демалыстың қымбат болуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
БАҚ өкілдері қазақстандықтардың Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы демалыстың қымбаттығына шағымданатынын атап өтті. Маусым кезінде ондағы дәретханалар мен қоқыс жәшіктері жеткіліксіз болғанына қарамастан, баға қымбат. Олардың айтуынша, Түркияда демалу арзанырақ.
"Бағаларға келетін болсақ, бұл қазірдің өзінде ерекше мемге айналды: Бурабайға барғаннан гөрі, Түркияға барған дұрыс. Бірақ Rixos, Windam Garden-ға келсеңіз бұлардың халықаралық қонақүйлер екені анық. Әрине, ондағы бағалар... бірақ бізде 10 000 теңге, 30 000 теңгелік екі орынды үйден бастап кез келген санатқа арналған барлық сегмент бар. Бұл бәсекелестік орта. Бағаны нарық анықтайды", – деді Ермек Маржықпаев жауап ретінде.
Жалпы, оның айтуынша, бұл курорттық аймаққа жыл сайын келетін туристер саны артқан.
"Бұрын маусымда 300-400 мыңға дейін адам келетін болса, бүгінде миллиондап санаймыз. Биыл 1 миллион 200 мың турист келеді деп күтілуде", – деп қосты облыс әкімі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2023964-turkiyada-demalu-arzanyraq-aqmola-oblysynyn-akimi-burabaidagy-demalys-bagasy-turaly-aitty/