Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы саябақтарында электрсамокатпен жүруге тыйым салынды

Жарияланған күні:

Самокат айдап кетіп бара жатқан адам
Самокат айдап кетіп бара жатқан адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы саябақтарында электрсамокатпен жүруге тыйым салынды. Кей жерлерде жылдамдықты сағатына 10 километрден асыруға болмайды. Бұл туралы қала әкімдігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Ведомство мәліметінше, Алматы әкімдігі кикшерингтік компаниялармен бірлесіп жалға берілетін электрлі самокаттардың қозғалысына шектеулер енгізген. Бұл жол қозғалысы қатысушыларының қауіпсіздігі мен қала тұрғындарының жайлылығы үшін қолға алынған.

Әкімдіктің хабарлауынша, енді Алматы саябақтарында электрсамокатпен жүруге болмайды. Электрсамокатпен жүруге тыйым салынған жерлер:

  • Оңтүстік саябағы;
  • 28 панфиловшылар саябағы;
  • Орталық мәдениет және демалыс саябағы;
  • Тұңғыш президент саябағы;
  • Солтүстік және ҚБТУ алдындағы сквер;
  • Ботаникалық бақ;
  • Арбаттың жаяу жүргіншілер аймағы (Жібек жолы даңғылының бойымен Назарбаев даңғылынан Абылай хан даңғылына дейін);
  • Терренкур.

Бұған қоса, қалада жылдамдықты сағатына 10 километрден асыруға асыруға болмайтын аймақтар пайда болған.

Бұл Панфилов көшесіндегі жаяу жүргіншілер аймағы және Желтоқсан мен Чайковский көшелерінің арасындағы Мақатаев көшесіндегі сквер. Сондай-ақ аталған аумақтар мен Төлебаев көшесінде электрлі самокатты қоюға тыйым салынады.

Әкімдік тыйым салынған жерлердегі шектеулер мен жылдамдықты электр самокаттарды жалға беруші сервис реттейтінін атап өтті.

"Самокат тебушілерден ережені сақтауды, адам көп жиналатын жерлерде жылдамдықты асырмауды және тыйым салынған жерлерге самокатты қоймауын сұраймыз", - дейді қалалық әкімдік өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2024011-almaty-sayabaqtarynda-elektrsamokatpen-zuruge-tyiym-salyndy/