Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада полиция командирі ірі мөлшерде пара беруге итермеледі деген күдікпен ұсталды

Жарияланған күні:

Полицей
Полицей. Көрнекі фото: Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Астана қаласы полиция департаментінің жол-патрульдік қызмет ротасының командирін пара беруге итермеледі деген күдікпен қамауға алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Антикордың Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттік мәліметінше, Астана қаласы Полиция департаментінің жол-патрульдік қызмет ротасының командирі пара беруге итермеледі деген күдікке ілініп, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

"Лауазымды адам азаматтық іс бойынша оң шешім қабылдағаны үшін прокуратура жанындағы Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бұрынғы қызметкері Ж. есімді азаматы арқылы сот жүйесінің қызметкерлеріне ірі мөлшерде пара беруге итермеледі деп күдікке ілінген.

Ж. есімді азамат прокуратурада жедел қызметкер болмаса да, әкімшілік лауазымды атқара отырған. Қылмыс жасау кезінде жұмыссыз болған", - дей антикор өкілдері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі 8 маусымда тергеу сотының санкциясымен аталған адамдар қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатқанын хабарлады.

Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Агенттік өкілдері Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адам заңды күшіне енген сот үкімімен қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп танылмайынша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептелетінін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2024082-astanada-policiya-komandiri-iri-molserde-para-beruge-itermeledi-degen-kudikpen-ustaldy/