Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

AIF 2023: "Қазақмыс" сақтандыру компаниясы жасыл жобаларды дамытудағы үлесін арттыруға ниетті

Жарияланған күні:

фото
Фото: Kazakhmys Holding

8-9 маусым аралығында Қазақстан астанасында 70 елден мыңнан астам қонақтың қатысуымен "Астана" халықаралық форумы өтуде. Шара негізгі жаһандық мәселелерді, соның ішінде климаттың өзгеруін шешу үшін күш-жігерді біріктіру мақсатында диалог алаңына айналды. Форумның өзекті тақырыптарының бірі "жасыл" энергетиканы дамыту болғаны кездейсоқ емес.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Астана халықаралық форумы ұжымдық мәселелерді еңсеру жолында бірігу арқылы елге жаңа көпірлер салуға және байланыстарды нығайтуға көмектесе алады. Мәселелердің бірі - климаттың өзгеруі, оған қарсы күрес тақырыбына AIF 2023-те ерекше назар аударылған. Осылайша, панельдік сессиялар аясында жасыл энергетикаға көшу және оны қаржыландыру, көміртегі бейтараптығына қол жеткізудің экономикалық және экологиялық салдары, жаңартылатын энергия көздері және көміртегі нарығын дамыту сияқты мәселелер көтерілді.

Еске салайық, Қазақстан 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуді мақсат етіп отыр. 2022 жылы "жасыл" энергияның жалпы өндірудегі үлесі шамамен 4,5%-ды құрады, ал 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті 15%-ға дейін ұлғайтып, көміртегі шығарындыларын тағы 15%-ға азайту жоспарлануда.

Осы мақсатқа қол жеткізуге үлес қосып жүргендердің қатарында форумның ресми серіктесі "Қазақмыс" Корпорациясы" ЖШС бар. Серіктесті шарада "Қазақмыс" сақтандыру компаниясы сақтандыру компаниялары тобы мен "КМ Life" өмірді сақтандыру компаниясы ұсынып отыр. Олардың жұмысының бір бағыты – "жасыл" жобаларды дамыту. Әлеуетті клиенттермен және серіктестермен байланыс орнату және AIF 2023 қатысушыларын компания өнімдерімен таныстыру үшін "Қазақмыс" сақтандыру компаниясы мен KM Life өмірді сақтандыру компаниясы көрме стендін орнатты.

"Қазақмыс" сақтандыру компаниясы нарықта 22 жыл жұмыс істеп келеді және бүгінде жиналған сыйлықақылар бойынша ең ірі үш сақтандыру компаниясының бірі болып табылады. Ол Fitch халықаралық рейтингтік агенттігінің тұрақты болжамына сәйкес "BB" рейтингіне ие және Forbes нұсқасы бойынша 2021 жылы №1 коммерциялық сақтандырушы атанды.

"Қазақмыс" сақтандыру компаниясы жасыл жобаларды сақтандыру саласында көшбасшы болып табылады. Қысқа уақыт ішінде біз жасыл энергетика саласында 50-ден астам сақтандыру және қаржылық қорғау келісімін жасадық және осы саладағы 30-дан астам компаниямен жұмыс істеп жатырмыз - бұл жел, күн және су электр станциялары", - деді "Қазақмыс" және "KM Life" сақтандыру компанияларының Директорлар кеңесінің Төрағасы Әмина Қасымова.

фото
Фото: Kazakhmys Holding

Оның айтуынша, Форумға қатысу компаниялардың "жасыл" бағыттағы күн тәртібіне және елдің әлеуметтік жобаларын дамытуға белсенді қатысу қажеттілігі туралы ұстанымын растап, нығайтты.

"Біз осы айтулы оқиғаның бір бөлігі болғанымызды мақтан тұтамыз. Бұл — бүгінгі таңда әлемдік деңгейдегі мәселелерді бірлесіп шешу үшін тамаша мүмкіндік және таптырмас диалог алаңы. Біз қаржы секторының, сақтандыру нарығының өкілі ретінде заманауи Қазақстанның даму стратегиясын сәтті жүзеге асырудағы өз рөлімізді сезінеміз", – деді Әмина Қасымова.

Белгілі болғандай, компания, сондай-ақ әлеуметтік жобаны жүзеге асыруды қолға алып жатыр, ол — денсаулыққа зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін "Қазақмыс" корпорациясының қызметкерлері мен олардың отбасын ерікті медициналық сақтандыру.

"Бүгінде тек осы жоба аясында біз бірден 110 мыңнан астам адамды сақтандырдық. Бұл жоба Ұлытау және Қарағанды облыстары сияқты өңірлерде, сондай-ақ еліміздің басқа аймақтарында медициналық қызметтердің сапасын және олардың қолжетімділігін арттырды", - дейді "Қазақмыс" сақтандыру компаниясы және "КМ Life" өмірді сақтандыру компаниясының басшысы.

фото
Фото: Kazakhmys Holding

Бұл жобаның іске асуы «Қазақмыс» корпорациясы мен Архимед Қазақстан медициналық көмек көрсету қызметінің стратегиялық серіктестігі аясында мүмкін болып отыр. Сақтандыру қызметі қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелеріне тегін әрі адам санына қатысты шектеу жоқ, сондай-ақ жалақыдан ұстап қалу да көзделмеген әрі тек жұмыс берушінің есебінен жүзеге асырылады.

Сондай-ақ сақтандыру тобының құрамында "KM Life" өмірді сақтандыру компаниясы жұмыс істейді, ол компаниялардың жалпы принциптері мен миссиясын басшылыққа ала отырып, сақтандырудың әлеуметтік аспектісін дамытады.

Компания 2019 жылдан бастап қарқынды дамып келеді әрі зиянды және қауіпті еңбек жағдайында жұмыс істейтін жұмысшыларды сақтандыру бойынша көшбасшыға айналды.

Компанияның биылғы портфелі 10 000-нан астам сақтандыру келісімшартынан тұрады. Экономиканың түрлі саласындағы қызметкерлерді кеңейтілген қамтуды ұсына отырып, компания кәсіпорындарға олардың ең құнды байлығы – адамдарды қорғауға қолдау көрсетеді.

Компаниялардың табысы ашық және адал қарым-қатынасқа және ұжымның жоғары кәсібилігіне негізделген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2024163-aif-2023-qazaqmys-saqtandyru-kompaniyasy-zasyl-zobalardy-damytudagy-ulesin-arttyruga-nietti/