Полиция: "Террористік сипаттағы хабарламалар таратылған телефон иелері анықталды"
Жарияланған күні:
Бірқатар бұқаралық ақпарат құралының Telegram-аккаунтына және мемлекеттік органдардың мекенжайларына террористік сипаттағы хабарламалар жіберілген. Полиция қызметкерлері олардың кім екенін анықтады. Бұл туралы "ІІМ жаңалықтарының" ресми Telegram-арнасы хабарлады.
"Жедел-іздестіру шараларын жүргізген полиция қызметкерлері бірнеше телефондарды, сондай-ақ олардың иелері мен пайдаланушыларын анықтаған.
Тексеру кезінде олардың арасында Қазақстанның қарапайым азаматтары, оның ішінде кәмелетке толмағандар да бар болып шықты, бірақ олардың пошта жөнелтілімдеріне қатысы бар екені расталмады", – делінген хабарламада.
Олардың барлығы Telegram мессенджерінің белгісіз қолданушылары тарапынан "сваттингтің" (құқық қорғау органдарын хакерленген адресаттарға шақыру үшін ауыр құқық бұзушылықтар туралы жалған хабарламалар) құрбандары болды деп болжанғаны айтылған.
"Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары құқық бұзушыларды анықтап, көрінеу жалған хабарламалары үшін еліміздің заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартуда.
Жағдай құқық қорғау органдарының толық бақылауында. Алаңдауға негіз жоқ.
Әлеуметтік желілер мен басқа да БАҚ қолданушыларын тек ресми хабарларға сенуге шақырамыз", – делінген полиция хабарламасында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2024176-policiya-terroristik-sipattagy-xabarlamalar-taratylgan-telefon-ieleri-anyqtaldy/