Қапшағайда суға батып бара жатқан жасөспірім құтқарылды
Жарияланған күні:
Қапшағай су қоймасында суға батып бара жатқан жасөспірім құтқарылды. Бұл туралы Алматы облысы ТЖД Telegram-дағы ресми арнасында мәлімдеді.
9 маусым күні сағат 18:20-да Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне жасөспірім қыздың Қонаев қаласындағы Қапшағай су қоймасының қалалық жағажайында суға батып бара жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.
"Оқиға орнына Қонаев қаласының жедел-құтқару жасағының қызметкерлері дереу жіберілді. Жасөспірім қыз шомылу кезінде жағадан 200 метр қашықтыққа жүзіп кеткен және құрлыққа өз бетінше орала алмаған", – делінген облыстық ТЖД хабарламасында.
Құтқарушылар қызды ата-анасы күткен жағаға жеткізген. Жасөспірім медициналық көмекке мұқтаж болмаған.
Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2024178-qapsagaida-suga-batyp-bara-zatqan-zasospirim-qutqaryldy/