Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорғанда орманға баруға тыйым салынды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Орман
Орман. Көрнекі сурет: pixabay.com

Абай облысындағы қайғылы оқиғадан кейін Талдықорған орман шаруашылығы орманға кіруге тыйым салды. Тыйым қанша уақытқа созылатыны белгісіз, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Телеарнаның хабарлауынша, 12 маусым күні талдықорғандық орманшылар Абай өңіріндегі өртке қарсы күресте қаза тапқан әріптестерін бір минут үнсіздік сақтап, еске алды.

Талдықорған орман шаруашылығы 185 мың гектар жерді иеленетіні атап өтілді. Бүгінде орман шаруашылығында 100-ге жуық жұмысшы еңбек етуде.

Абай облысындағы қайғылы оқиғаға байланысты мекеменің барлық қызметкері күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Сондықтан орманға кіруге уақытша тыйым салу туралы шешім қабылданды. Дегенмен тыйымның қанша уақытқа созылатыны белгісіз.

"Бәрімізге оңай емес, өте ауыр жағдай. Семей орманы резерватында өртпен күресте қаза тапқан орманшылардың отбасына көңіл айтамыз. Күшейтілген жұмыс жасап жатырмыз. Қазір күндіз-түні жігіттер күзетте. Бекеттер қойылған. Адамдарға орманға келуге тыйым салдық", - деді "Талдықорған орман шаруашылығы" КММ директорының орынбасары.

Абай облысындағы алапат өрт

Өткен аптадан бері Абай облысындағы орманда өрт өршіп тұр. Төтенше жағдайдың салдарынан 14 "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының қызметкері қаза тапты.

Президент жарлығымен көз жұмған орманшылар ерлігі мен жанқиярлығы үшін ордендермен марапатталған.

Қайғылы оқиғаға байланысты 12 маусым Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды.

Дереккөз: Хабар 24

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2024468-taldyqorganda-ormanga-baruga-tyiym-salyndy/