jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

"Жақын аумақтағы ауылдарға қауіп жоқ": Нұрлан Ұранхаев Абай облысындағы ахуал туралы айтты

Нұрлан Ұранхаев
Нұрлан Ұранхаев. Фото: Абай облысының әкімдігі

12 маусым күні Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өңірдегі ахуалға байланысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Абай облысы әкімдігінің ресми Telegram арнасында хабарланды.

Аймақ басшысы орман өртінен жақын аумақтағы ауылдарға қауіп жоқ екенін айтты.

"Біріншіден, облыс территориясында болып жатқан алапат өрт әлі басылған жоқ. Өрт сөндірушілер арнайы техникалармен күндіз-түні тілсіз жаумен күресіп жатыр. Жақын аумақтағы ауылдарға қауіп жоқ, бұл біздің бақылауымызда. Жақын елді мекендердің тұрғындарын эвакуацияладық. Азаматтарымызға қажетті ас-сулар жеткілікті", - деді ол.

Сондай-ақ әкімнің сөзінше, қаза тапқан азаматтардың отбасыларына материалдық және басқа да көмектер көрсету қамтамасыз етіледі.

"Екіншіден, қазір біз мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін қажетті шараларды қолға алып жатырмыз. Үкіметпен бірлесіп, қаза тапқан азаматтардың отбасыларына материалдық және басқа да көмектер көрсету туралы президенттің тапсырмасын толық орындауды қамтамасыз етеміз", - деп түйіндеді сөзін әкім.

"Жақын аумақтағы ауылдарға қауіп жоқ": Нұрлан Ұранхаев Абай облысындағы ахуал туралы айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.