Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қалыңдық тойда қыз жолдас болған құрбысына шетелге жолдама сыйлап, таңғалдырды

Жарияланған күні:

Қалыңдық пен қыз жолдас
Қызжолдас болған құрбысына шетелге жолдама сыйлады.: instagram.com/shyndykz

Желіде үйлену тойда қыз жолдас болған құрбысына шетелге жолдама сыйлаған қалыңдықтың видеосы тарады. Оқырмандардың қымбат сыйлыққа қатысты пікірі екіге бөлінді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Желіде тараған видео shyndykz паблигінде жарияланған. Кадрлардан той барысында қалыңдықтың құрбысына Грузияға жолдама сыйлағанын көруге болады. Қымбат сыйлықты алған құрбысының таңғалғаны да кадрда байқалады.

"Тегін қыз жолдас болғандар бар ма?"- деп жазылған видео астында.

Желі қолданушылардың қыз жолдасқа берілген қымбат сыйлыққа қатысты пікірі екіге бөлінген.

"Тегін қыз жолдас болдым. Ештеңе де алған жоқпын. Мынау қыз жолдас бақытты екен жолдама алған", - деп жазды пікір қалдырғандардың бірі.

Кейбір оқырман "бастысы, бақыт тілейік", десе, енді бір пікір қалдырушылар "8 рет қыз жолдас болдым. Бұндайды көрмеппін" , "Қыз жолдас болу ақылы ма еді?" деп жазды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2024858-qyz-zoldas-bolu-aqyly-ma-toida-qurbysyna-setelge-zoldama-syilagan-qalyndyq-zelide-qyzu-talqyga-tusti-video/