jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Павлодар қаласы әкімінің орынбасары қамауға алынды

күдікті
Күдікті. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Кәсіпкерден пара алды деген күдікпен Павлодар қаласы әкімінің орынбасары қамауға алынды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ресми Telegram-арнасында хабарлады.

"Бейсенбі, 15 маусым күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бизнесті қорғау бойынша қабылданып жатқан шаралар аясында кәсіпкерден пара алды деген күдікпен жолдарды жөндеудегі мемлекеттік сатып алу шартындағы орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін Павлодар қаласы әкімінің орынбасарын ұстады", – делінген хабарламада.

Құқық қорғау органының мамандары аталған іс бойынша қазір сотқа дейінгі тергеудің жүргізіліп жатқанын, күдікті Павлодар қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынғанын айтты.

Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77 бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адам заңды күшіне енген сот үкімімен қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп танылмайынша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі

Павлодар қаласы әкімінің орынбасары қамауға алынды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.