Top.Mail.Ru

Зектілері

Апелляциялық сот Кәрім Мәсімовке қатысты үкімді өзгертті

Жарияланған күні:

Кәрім Мәсімов
Кәрім Мәсімов. Фото: Sputnik/Владислав Воднев

Апелляциялық сот Кәрім Мәсімовке қатысты үкімді өзгертті. Ол жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Бұл туралы Астана қалалық сотының Facebook-тегі ресми парақшасы хабарлады.

Бүгін, 2023 жылғы 16 маусымда Астана сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы Кәрім Мәсімовтің, Әнуар Садықұловтың, Дәулет Ерғожиннің, Марат Осиповтың және олардың адвокаттарының шағымдары бойынша "Аса құпия" айдарымен қылмыстық істі қарады.

Апелляциялық инстанция бірінші сатыдағы соттың Мәсімовке, Садықұловқа және Ерғожинге қатысты үкімін жазаны өтеу мекемесінің түрі бойынша қатаң режимдегі мекемеден орташа қауіпсіздікке ауыстырды.

Үкімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылды. Үкім заңды күшіне енді.

Еске салайық, 24 сәуірде Астана сотында Кәрім Мәсімовке қатысты сот үкімі шыққанын хабарлаған едік. Ол 18 жылға сотталды.

Сотта Мәсімов пен оның орынбасары Садықұловқа мемлекетке опасыздық жасау (ҚК-тің 175-бабының 1-бөлігі), билікті күшпен басып алу (ҚК-тің 179-бабының 3-бөлігі) және билік пен лауазымдық өкілеттігін (ҚК-тің 362-бабының 4-бөлігінің 3-тармағы) асыра пайдалану бойынша кінәлі деп танылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2025148-apellyaciyalyq-sot-karim-masimovke-qatysty-ukimdi-ozgertti/