Top.Mail.Ru

Зектілері

БҚО-да 7 жастағы қыз бала жол апатынан көз жұмды

Жарияланған күні:

БҚО-да жол апатына ұшыраған көлік
Жол апатына ұшыраған көлік. Оқиға орны: Т.me/POLICE_of_KZ

Батыс Қазақстан облысында 7 жастағы қыз бала жол апатынан көз жұмды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Telegram-арнасында мәлімдеді.

Полицияның хабарлауынша, бейсенбі, 15 маусым күні сағат 09:00 уақыт шамасында Жымпиты-Қаратөбе автожолының 75-ші километрінде жол апаты болған.

"Лада-2114" маркалы автокөлігін тізгіндеген 40 жастағы жүргізуші масаң күйде, рөлге ие бола алмай аударылған.

Жол апаты салдарынан 2016 жылғы қыз бала Сырым ауданының орталық ауруханасына жеткізіліп, ауруханада көз жұмды.

Жүргізуші дәрігерлер қарағаннан кейін үйіне жіберілді", – дейді БҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры Олжас Ибрайымов.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2025155-bqo-da-7-zastagy-qyz-bala-zol-apatynan-koz-zumdy/