Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"150 тонна су шашылды": Ақмола облысында қамыс өртенуде

Жарияланған күні:

Ақмола облысындағы қамыс өрті
Ақмола облысындағы қамыс өрті. Видеодан кадр: t.me/qr_tjm

Ақмолалық құтқарушылар Қорғалжын ауданында өртенген қамысты сөндіруде. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

ТЖМ мәліметінше, Шалқар ауылынан 25 км жерде қамыс өртеніп, аудан әкімінің және Ақмола облысы ТЖД "ӨС және АҚЖҚ" ММ бастығының басшылығымен жедел штаб құрылды.

Ведомство өкілдері өртті сөндіруге 43 адам және 17 техника жұмылдырылғанын атап өтті.

"Қатты желдің әсерінен және жердің батпақты болуына байланысты өртті өшіру қиындық тудыруда. Сондықтан өрт ауа арқылы сөндіріліп жатыр", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Министрлік дерегінше, осыған дейін барлығы 52 рет, көлемі 150 тоннадан астам су ағызылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2025158-150-tonna-su-sasyldy-aqmola-oblysynda-qamys-ortenude/