"Әкімдікті жауапқа тарту керек": Оралдағы ет кәсіпорны мен әкімдік арасындағы дау әлі шешілмеді
Жарияланған күні:
Бүгін үкімет сағатында Оралдағы "Кублей" зауытына қатысты даулы мәселеге бүгін сенаторлар пікір білдірді. Бұл туралы Almaty.tv арнасы хабарлады.
Бүгінгі үкімет сағатында кәсіпорын мен құрылыс компаниясы арасындағы түйткіл талқыланды. Бұл мәселе байланысты сенаторлар: "Әкімдікті жауапқа тарту керек"- дейді
Телеарна мәліметінше, "Кублейге" қатысты жер мәселесі 3 жылға созылған. Даулы істің әлі нақты нүктесі қойылмаған.
Зауыт басшысы Талғат Берекешовтің сөзінше бүгінде құрылысшылар мен үлескерлер сотқа дейінгі арыз тастаған. Олардың шағымын 2 жыл бойы жоғарғы сот үш рет қарапты. Ақыры заңдылығы расталып, өтініш кері қайтарылған. Алайда кәсіпорын басшылығы бұл іс шикі күйінде қалып қойды дейді.
"Соттағы барлық арыз қаралды, бірақ үшінші тараптың арызы ескерілмеді. Шешім 180 градусқа өзгеріп кеткен. Бірнеше ай бұрын Орал қаласының сотының судьясы екі санитарлық аймақты алып тастап, салынып жатқан құрылысты заңды деп таныды. Зауыт өндіріс аймағында емес, басқа аймақта орналасқан сияқты шешім қабылдаған. Бұл қасақана жасалып отыр. Бұлардың бар ойы сол жердегі құрылысқа жол беру", - дейді "Кублей" ЖШС бас директоры Талғат Берекешов.
Құзырлы орган шешімімен келіспеген кәсіпорын басшылығының өз ұсынысы да жоқ емес. Директор бұл істе мәселені егжей-тегжейіне дейін тексеретін арнайы комиссия құрылса дейді. Ал салаға жауапты ведомство мәселеден хабардар болғанымен, қауқарсыз. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев қос тараптың соттық түйткіліне біз араласа алмаймыз, деді.
"Кублей" жайында айтылып отырған мәселе ол жергілікті әкімшілікпен сот органдарының мәселесі. Біздің құзіретімізде емес. Қолымыздан келетін көмектерді біз көрсеттік", – дейді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2025163-akimdikti-zauapqa-tartu-kerek-oraldagy-et-kasiporny-men-akimdik-arasyndagy-dau-ali-sesilmedi/